5 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Балғын Кәрімбергенқызымен бірге мектеп кітапханасында «Даланың дара ұстазының» шығармашылығына саяхат жасады. » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Балғын Кәрімбергенқызымен бірге мектеп кітапханасында «Даланың дара ұстазының» шығармашылығына саяхат жасады.
02
декабрь
2022

5 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Балғын Кәрімбергенқызымен бірге мектеп кітапханасында «Даланың дара ұстазының» шығармашылығына саяхат жасады.

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.

Осы орайда, 5 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Балғын Кәрімбергенқызымен бірге мектеп кітапханасында «Даланың дара ұстазының» шығармашылығына саяхат жасады. Рухани шара барысында балалар Ыбырайдың әңгімелеріне талдау жасап, өлеңдерінен үзінділер оқыды. Оқушы Абдыхаим Паңыш өзінің ең сүйікті шығармасы Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі екенін айтып, шығарманың фабуласын баяндап, тақырыбы мен идеясына талдау жасады. Ал Молдан Кәусар есімді оқушы ақынның «Өзен» өлеңін тебірене жатқа оқыды.
Балалар рухани шарадан мол азық алып, кітапқа деген құштарлықтары одан әрі ояна түсті.

#оқуғақұштармектеп

https://www.instagram.com/p/ClpfGPtItXG/?utm_source=ig_web_copy_link

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив