30
март
2022
"Жыл он екі ай" журналы мен "Жамбыл" кітапханасы ұйымдастырған жарыс
Республикалық “Жыл он екі ай” республикалық балаларға арналған танымдық журналы және Алматы қалалық Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырған “Кел, балалар, оқылық!” интеллектуалды байқауына мектебіміздің 5 “Ә” сынып оқушылары белсене қатысып, қалалық мектептер арасында жүлделі 1-орынды иеленді. Байқау барысында оқушыларымыздың алғырлығы мен білімділігіне, белсенділігі мен зеректігіне риза болған балалар жазушысы, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері Бейсембай Сүлейменов авторлық кітаптарын сыйға тартты. Жаңа орта, жаңа таныстық, жаңа атмосфераға риза болған оқушыларымызға бұл байқау үлкен мотивация сыйлады. Біз сендермен мақтанамыз, оқушылар! Алар асу, бағындырар белестерің көп болсын!
🌹Оқушыларды барынша көшбасшы болуға баулып жүрген, тек білім берумен ғана шектелмей, балаларды шығармашылық дамуға да ұмтылдырып отыратын сынып жетекшісі Еркінбек Ұлжан Кәрімбергенқызына білімді әрі шығармашыл шәкірттеріңіздің жетістіктері көбейе берсін деп тілек білдіреміз.🌹