Алматы қалалық актив отырысы
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және қаланың одан әрі дамуы жөніндегі Алматы қалалық актив отырысы өтті. Отырыс барысында қала әкімі Б.Сағынтаев Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер үшін 2 пайызды кредит тағайындалатынын айтты. Сонымен қатар, бүлік кезінде зардап шеккен бизнес өкілдерін қолдау үшін қалалық “Алматы бизнес-2025” бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілетінін жеткізді.