13
март
2019
Өрт сөндіру бөліміне саяхат
«Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күнін» мерекелеу аясында «Өрт сөндіруші» АҚ Алматы қаласы,Медеу ауданы филиалының №1 өрт сөндіру авариялық-құтқару бөліміне №53 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушылары саяхат жасады. Саяхат басында өрт сөндіруші-құтқарушылар өздерінің жұмыстары туралы айтып берді.
Балаларға жауынгерлік есепте тұрған өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Бірінші сынып оқушылары өрт сөндіруші-құтқарушыларды зейін қойып тыңдады. Бәрінен бұрын балаларды өрт кезінде автокөліктердің және өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтыны және автокөліктердің немен жабдықталғандары қызықтырды.Оқушылар қызықты саяхат үшін өрт сөндіруші-құтқарушыларға алғыстарын білдірді және әрқашан өрт қауіпсіздігі ережелерін әрқашан сақтап жүруге уәде берді.