"Алғыс айту - парызым!" » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2019

"Алғыс айту - парызым!"

Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуына орай 1 наурыз күні жаңа мереке – Алғыс айту күні болып тойланып келеді. Бұл мереке Қазақстан халқының қонақжайлылығы мен қайырымдылығының тағы бір дәлелі болып табылады.Мереке құрметіне,№53 мектеп-гимназия оқушылары үлкендерімізге де құрметтерін көрсетіп, жалғыз тұратын ата-әжелерімізге қонақ болып, үйлеріне күнделікті қажетті көмек түрлерін жасап, кейде жай ғана шәй үстінде «Қалыңыз қалай?» деген әңгімені қажет еткен ақсақалдарымызға алғыстарын білдірді. Түрлі себептермен жалғызбасты атанған зейнеткерлерге мектеп қоғамдастығы көмек көрсетіп, сый-сияпат жасады. Бұл зейнеткерлердің біреуінің балалары мен немерелері шет елдерді немесе басқа қалаларды мекен етсе, біреулерінің туыстары көмек көрсетуді шеткері қалдырған. Үй шаруасына қолғабыс ету мен жылы әңгімелер қарттарға тек жағымды көңіл-күй сыйлап, оқушылар мен мұғалімдерге алғысын айтып, денсаулық, сәттілік және бейбітшілік тіледі. Ризашылық күні – бұл,барлық адамдар үшін күнделікті күйбең тіршілікте ұмытып кеткен «кешірімі» мен «рақметін» тағы бір айтуға мүмкіндік беретін күн. Сондықтан алғыс айту мерекесін пайдалана отырып, біз әр адамға қоңырау шалып, өз жақындарынан кешірім сұрап не жасаған жақсылықтары үшін алғыс білдіруін қалаймыз. «Алғыс айтам саған» акциясы МКК №2 қалалық клиникалық ауруханасына және қаланың автобус аялдамаларында автобус жүргізушілеріне біздің оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің қала тұрғындарына алғыс айтуымен өтті. Тұрғындар достары мен туыстарына, әріптестері мен жақындарына, мұғалімдері мен мектеп оқушыларына, Қазақстан халқына және Елбасына ашық аспан астындағы бейбіт әрі бақытты ғұмыр кешіп жатқандықтары үшін алғысын жаудырды. Мектебімізде 1-11 сынып арасында сынып сағаттары өткізіліп оқушылыар бір-біріне алғыс айтты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив