05
октябрь
2019
"Ұстаз ұлы тұлға"
4 қазан күні Школа-гимназия №53сында «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Іс – шара барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті.
#Ұстазұлытұлға