06
октябрь
2018
"Адал ұстаз" байқауы
Ұстаз болу – ұлағатты жолға қадам басу. Алдындағы шәкіртке білім беріп қана қоймай, бар білгенін бойына сіңіріп, болашаққа бағыт-бағдар сілтейтін бұл жолдағы жандар ғажап-ақ. Сондай ұстаздардың бірі де бірегейі, мектебіміздің мақтанышы Макешова Еркежан Оралғазықызы деп білеміз. Күні кеше ғана, Алматы қаласы Медеу ауданнының педагог қызметкерлерінің "Адал ұстаз" атты байқауына қатысып, ерекше білгірлігімен көзге түскен ұстаз жүлделі І орынға ие болды. Қыр-сыры мол, қиын да жауапты жолда Еркежан Оралғазықызына шығармашылық табыстар тілеймізІ