Оспанова Гулсан Сатыбалдыевна
Жоғары білімді, 2 санатты мұғалім. 2011 жылдан бастап № 53 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде бастауыш сынып бойынша істеген жұмыстарының нәтижесі төмендегідей:
2014 ж. мектепішілік сынып жетекшілер байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болып, аудандық байқауға жолдама алды. Оқушылары әр түрлі мектепішілік, аудандық іс-шараларға қатысып, жетістіктерге жетіп отырды. 2015 ж. 4-сыныпты 90 пайыз білім сапасымен аяқтап, жыл соңында аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. 2015 оқу жылында оқушысы Нөкен С. қалалық көркемсөз байқауына қатысып, 1- орынды иеленді. Мұғалімнің еңбегі бағаланып, дипломмен марапатталды. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнінен армандаған ұстаздың ұстанымы. «Адам баласына көмектесу-игілікті істердің бастамасы»