01
сентябрь
2019
"Алғашқы қоңырау"
Ел тірегі, көркі – білімді, саналы ұрпақ. Қазақ мектебінің болашағы туралы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын М.Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты...» деп айтып кеткендей, Тәуелсіз еліміздің тарихи, мәдени рухани болмысын дамыту, ұлттық мектепті қалыптастыру егемен елдің ертеңін ойлайтын ұрпақтың парызы. Тұлымдары желбіреп, жүректері елжіреп жүрген кешегі ойын баласы, бүгінде білім ордасының табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндеріміз - ертеңгі егемен еліміздің абыройлы азаматтары. Ата-ана, туыс бауырларының жетегінде келген кішкентай қара домалақтар алғашқы рет күміс қоңыраудың үнін естіп, ең алғашқы апайларымен танысып, мектеп табалдырығын аттады. «Алғашқы қоңырау» салтанатты мереке Медеу ауданының Школа-гимназия №53сында аталып өтті.