26
октябрь
2018
Медеу ауданының мектептері түлектерінің III форумы
26.10.2018 ж Медеу ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үшінші түлектер форумы өтті. Алматының ең білімді түлектері бас қосқан форумда, ауданның дамуына және өздері оқыған білім ошақтарына көмек көрсеткен түрлі сала мамандары да бой көрсетті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға мектебіміздің директоры Өмірбек Айтуғанұлы және оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна, Сламова Жупаркуль Сапаргалиевна, Тоқыбет Жанар Байұзаққызы, сонымен қатар пән мүғалімдеріміз Шестаева Жаңылхан Сейтқалиевна, Қойшыбаева Гулшара Мышановна, Рыскулова Жанна Баратхановна және мектеп президенті Мусал Айбек қатысып қайтты. Форумның басты мақсаты - еліміздің түрлі саласында қызмет етіп, таңдаған мамандығында жетістіктерге жеткен мектеп бітіргендер мен мектеп арасында байланысты арттыру. Жастармен ұдайы түрде кездесулер ұйымдастыру арқылы, өз тәжірибелерімен бөлісу.