25
январь
2021
Ашық сабақтар
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. #53 мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі, жас маман, педагог-сарапшы Жұмалы Асия Амангелдіқызы 11 "Ә" кезекші сыныбында химия пәнінен ағылшын тілінде жоғары деңгейдегі ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жинақтау және әртүрлі жаңа әдіс- тәсілдерді сабақ барысында пайдалана отырып, есептер шығару, тәжірибе жасау арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақ өз мақсатына жетті. Алдағы уақытта тек қана сәттілік тілейміз.! #53мектепгимназия #ашықсабақ #онкүндік #қашықтықтаноқыту #онлайн #кезекшісынып #жаратылыстану_апталығы @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo @zhumaly.a