22
январь
2021
Ашық сабақтар
#53 мектеп-гимназиясының биология-жаратылыстану пәнінің мұғалімі, жас маман Абдрахман Жазира Ерланқызы 4 кезекші сыныбында жаратылыстану пәнінен «Дыбыстың шағылысуы деген не?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың практикалық және зерттеу іс-әрекеті арқылы алған білімдерін күнделікті өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталды. Оқушылар дыбыстың шағылысу құбылысын қолданудың біршама жақтары бар екенін түсінді. Мысалы, ішекті музыкалық аспаптарды жасау (домбыра, гитара). Сабақтың барлық кезеңі негізгі мақсатқа жетуге бағытталды, балалар тақырыпты меңгерді, қойылған міндеттер орындалды. #53мектепгимназия #кезекшісынып #онкүндік #ашықсабақ #биология #жаратылыстану_апталығы @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_abb @medeu_roo