25
январь
2021
Ашық сабақтар
25 қаңтар күні #53 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, жас маман, педагог-сарапшы Азирбаева Қырмызы Илясқызы 9 "Ә" кезекші сыныбымен «Модельдеу. ДНҚ молекуласын құру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту. Сабақтың кері байланыс кезеңінде сыныптағы оқушылар сабаққа деген қызығушылығы жоғарлап, бұл пәнді оқудағы ынталарының артқаны байқалды. Сабақта жаңартылған бағдарлама бойынша талап етілетін көптеген жаңа әдістер мен тәсілдер қолданылды. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық құндылықтарының қалыптасуына ықпал ету үшін, сабақ барысында жеке, жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді. Сабақ барысында белсендік танытқан оқушыларға және Қырмызы Илясқызына алғысымызды білдіре отырып, білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Қонар тұғырларың биіктей берсін.!!! #53мектепгимназия #ашықсабақ #онкүндік #жаратылыстану_апталығы #кезекшісынып #сыныпжетекші #математика_формула_есеп #биология #қашықтықтаноқыту @akimat_medeu @akimat_almaty @medeuustaz @medeu_roo @kamosya_95kz