26
ноябрь
2020
Ашық сабақтар
26.11.2020 жылы #53 мектеп-гимназиясы қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдық мерейтойы, "Жаңа формация мұғалімі - SMART тұлға" атты онкүндігі аясында «Абай және Пушкин – екі жүректің үндестігі» тақырыбында онлайн ашық сабақ ұйымдастырылды. Ашық сабақты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қожабаева Айсара Тыныбаевна өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – білім алушыларға ұлы тұлғалар арасындағы үндестікті танытып, сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу. Сабақ барысында Абай мен Пушкин шығармаларынан үзінділер оқылып, қос ақын туындыларындағы үйлесімділік, ұқсастық жайлы сөз қозғалды. Сабақ барысында әртүрлі интербелсенді әдістер тиімді қолданылып, қызықты да тартымды өтті. #53мектепгимназия #Абай_175_жыл #ашықсабақ #қашықтықтаноқыту #онлайн #zoom @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo