Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бракераждық комиссия #53 мектеп-гимназияға қарасты асханаға барды
17
февраль
2023
Бракераждық комиссия #53 мектеп-гимназияға қарасты асханаға барды
17 ақпан бракераждық комиссия мүшелері мен ата-аналар мектебіміздегі асхананың тазалығы мен тамақтандырудың сапалық құрамын, мәзір мөлшеріне тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ас дайындайтын, сақтайтын орындарға кіріп, азық-түліктің сақтау мерзімі, сақталу орны мемлекеттік нормаларға сай келетініне, құжаттық қағидаттарды сақтайтынына көз жеткізіп ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді.
5 «Б» сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанамыз» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.
14
февраль
2023
5 «Б» сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанамыз» тақырыбында сайыс сабақ
2023 жылдың ақпан айының 14 жұлдызында  5 «Б» сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанамыз» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.Оқушылар жартылай дайын өнімді пайдаланудың зияндығы  туралы жағдаятты келтіре отырып  түсіндірді. Сонымен қатар, сабақта қызықты ойын түрлерімен сабақты тартымды өткізді.
Бракераждық комиссия мүшелері  кезекті бақылауды жүргізді.
09
февраль
2023
Бракераждық комиссия мүшелері кезекті бақылауды жүргізді.
Мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна бастаған бракераждық комиссия мүшелері мектебіміздегі асхананың тазалығы мен тамақтандырудың сапалық құрамын, мәзір мөлшеріне тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ас дайындайтын, сақтайтын орындарға кіріп, азық-түліктің сақтау мерзімі, сақталу орны мемлекеттік нормаларға сай келетініне, құжаттық қағидаттарды сақтайтынына көз жеткізіп ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді.