17
февраль
2023
Бракераждық комиссия #53 мектеп-гимназияға қарасты асханаға барды
17 ақпан бракераждық комиссия мүшелері мен ата-аналар мектебіміздегі асхананың тазалығы мен тамақтандырудың сапалық құрамын, мәзір мөлшеріне тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ас дайындайтын, сақтайтын орындарға кіріп, азық-түліктің сақтау мерзімі, сақталу орны мемлекеттік нормаларға сай келетініне, құжаттық қағидаттарды сақтайтынына көз жеткізіп ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді.