"Қыз Жібек" ұйымы құрылды.
Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Көріп пе ең сұлу қыздың мұндай түрін?... Мектебімізде қазақилықты қанына сіңдірген, бойынан бар сұлулық атаулы табылатын бұрымды қыздардан құрылған “Қыз Жібек” ұйымы ашылғалы жатыр. Егерде сен нәзіктік пен көркемдікті, ақылдылық пен әдептілікті, әдемілік пен ізгілікті, бір сөзбен айтқанда, нағыз қазақ қызына сай қасиеттерді өз бойыңа сіңіргің келсе, басқаларға үлгі болып, бұрымды қыздар