13
октябрь
2021
Қайырымды жандар

Жақсылық жасаудан жаны рахаттанатын жомарт жандар арамызда аз емес. Солардың бірегейі Сенім аға мен Маржан апайымыз. Олар біздің мектепке үнемі демеушілік білдіріп жүреді. Бұл жолғы жасаған жақсылықтары да ауыз толтырып айтарлық деуге болады. Мектебімізде тұрмыстық жағдайы нашар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бары жасырын емес. Сенім аға мен Маржан апай осындай 10 отбасыны азық- түлікпен қамтамасыз етіп, ата-аналар мен балалардың жүзіне кішкене болса да жылу сыйлады. Жүрегі ізгілікке толы аға-апайымызға ризашылығымызды білдіріп, қашан да елдің ықыласына бөлене беріңіздер дегіміз келеді.Қайырымды болу- қарапайым ғана іс. Бірақ сол қарапайымдылық әркімнің қолынан келе бермейді.

