Әкімшілік » Страница 6 » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
Буллинг пен қысымшылықтың алдын алу
03
октябрь
2022
Буллинг пен қысымшылықтың алдын алу
«Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын құру: буллинг пен қысымшылықтың алдын алу» бойынша Алматы қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырған семинарғадиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аргынбаев Арман мен мектеп психологы Сади Айнұр қатысты.
Гульнар Нуржумаевна  «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!
28
сентябрь
2022
Гульнар Нуржумаевна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!
«Ұстаздар мерекесіне» орай ұйымдастырылған концертте 33 жылдық еңбек өтілі бар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна білім саласына еткен еңбегі мен адал жұмысы үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!  #53 мектеп-гимназиямыздың абыройын көтеріп, жас буынға үлгі болғаныңыз үшін ұстаздар мен ата-аналардың, оқушылардың атынан алғысымызды білдіреміз! Ұзақ ғұмыр, деніңізге саулық, отбасыңызға береке, жұмысыңызға табыстар тілейміз!
Аргынбаев Арман Токтасыновичке белсенділігі үшін сертификат табысталды.
22
сентябрь
2022
Аргынбаев Арман Токтасыновичке белсенділігі үшін сертификат
Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушылары мен студент жастар арасындағы есірткінің алдын алу және оларды шешу мақсатында ҚР ІІМ есірткі қылмысы департаменті басқармасының бастығы Амирханов Бахытжан Кадырбекович семинар-тренинг өткізіп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аргынбаев Арман Токтасыновичке белсенділігі үшін сертификат табысталды.
Медеу ауданы әкімінің көпбалалы аналармен кездесуі өтті
22
сентябрь
2022
Медеу ауданы әкімінің көпбалалы аналармен кездесуі өтті
Медеу ауданы әкімі Еркебұлан Оразалин бүгін көпбалалы ата-аналармен кездесті. Олардың қатарынада 53 мектеп гимназия ата-аналары мен мектеп әкімшілігінің қызметкерлері де болды. «Іс-шара барысында Кеңсай шағын ауданының тұрғындары шағын ауданға қатысты мәселелерді көтерді. Мәселелердiң бiрi мобильді интернеттің әлсіз сапасын талқылау болды, сонымен қатар көптеген қаңғыбас иттерге, ағаш бұтақтарына шағымдар айтылды. Аудан әкiмi жыл соңына дейiн әлсiз интернет мәселесi шешiлетiнiн атап өтті.
«Өрт-тілсіз жау»
22
сентябрь
2022
«Өрт-тілсіз жау»
“Сақтансаң - сақтайды!” деген аталы сөз бар, Қазақстанда ғана емес әлемде болып жатқан оқыс оқиғылардың алдын алу мақсатында мектебімізде төтенше жағдайлар мен өрт қауiпінің алдын-алу бойынша сейсмикалық жаттығу жүргізілді.  Сондай-ақ террористтік шабуыл, жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл апаты кезінде қорғану шараларын ұйымдастыру, тығыз арада саналы iс-әрекет ету бойынша практикалық оқытуды мектебіміздегі төтенше жағдайға жауапты, запастағы аға лейтенант Мұқамғали Дулат түсіндіріп берді.