№53 МГ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және "Алматы мектебі" бағдарламасына негізделген "Функционалды сауатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абиыр А.Б. бастамасымен қалалық семинар өткізілді. » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №53 МГ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және "Алматы мектебі" бағдарламасына негізделген "Функционалды сауатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абиыр А.Б. бастамасымен қалалық семинар өткізілді.
29
ноябрь
2023

№53 МГ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және "Алматы мектебі" бағдарламасына негізделген "Функционалды сауатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абиыр А.Б. бастамасымен қалалық семинар өткізілді.

Медеу ауданы №53 мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және "Алматы мектебі" бағдарламасына негізделген "Функционалды сауатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаттары: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Сонымен қатар заман талабына сай жан-жақты, зерделі, талантты, дарынды, табысты әрекетке дайын, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Атаулы іс-шараның ерекше бір көрінісі оқушылар мен ұстаздар қауымының арасындағы "Кітап оқып жарысайық" жобасында талқыланған көркем шығармалар арқылы оқушылардың шынайы өмірдегі көзқарастары өзгеріп, өз игіліктеріне тиімді пайдаға асыра алғандықтары туралы кеңінен талқыланып, мектеп оқушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысы қазақ тілі, бастауыш, тарих, физика, биология, математика, география пәндерінен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының мақсаттарына негізделген, "Алматы мектебі" бағдарламасының әдістерін пәндеріне арқау еткен ашық сабақтармен жалғасты. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының негізінде қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналып отырған жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру мақсатында " Адамгершіліктің шуағы сөнбесін" тақырыбында коучинг өткізілді. Оқушылардың шешендік қабілеттерін дамыту, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңіту мақсатындағы үлгілік жұмыстар да назардан тыс қалмады. 
Оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттерінің ерекшеліктері ескеріліп, олардың дамуына қолайлы жағдай жасай алған # 53 мектеп-гимназиясының алға қойған мақсаты орындалды.

#біртұтастәрбие
#алматымектебі
#53мектепгимназия 
@gcnto_2023 





https://www.instagram.com/p/C0PRzQkopx9/?img_index=1
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив