Бексұлтан Нұржекеевпен кездесу » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бексұлтан Нұржекеевпен кездесу
14
март
2019

Бексұлтан Нұржекеевпен кездесу

13.03.2019 жылы білім ордамызда Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеевпен кездесу болып өтті. "Адам туғанда «жазушы болам» деп тумайды, әуелі адам болып өмір сүреді. Кейін бейімделіп, талантына қарай жетіліп, өзін-өзі шыңдаса бәріне қол жеткізуге болады. Енді біздің маңдайымызға жазушылық өнері бұйырған екен. Сезіммен жүріп, түрлі шығармаларды дүниеге әкелуге, қоғамға аз да болса, үлес қосуға тырысамыз. Кейде бір нәрселерді өзгерткіміз келеді, сосын шабыттана отырып жазамыз», – деп бастап, кеңінен көсілді. Оқушыларды өзінің ұлт-азаттық көтеріліске арналған «Әй, дүние-ай» шығармасымен және тағы басқа жаңа кітаптарымен таныстырды. Оқушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдар жазушы шығармашылығының басым бөлігі болған махаббат тақырыбы, «қазақ арасындағы жікшілдік», «бүгінгі жастарға деген көзқарасы», «жер-су аттарын аудару мәселесі», «қазақ аруының рөлі» сынды мәні зор мазмұнды сұрақтарға тұщымды жауап алынды. Сондай-ақ, суреткер Нұржекеев жастық шағы мен алғашқы махаббаты туралы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен ұмытылмас кездесуі жайлы, алғашқы шығармасының жарыққа шығуындағы келеңсіз оқиғалар хақында да айтып өтті. Кеш соңында білім ордасына арнайы атбасын бұрып келген жазушы Б. Нұржекеевке сый-сияпат тарту етілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив