Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жер сілкінісі кезінде атқарылатын іс-қимылдар
16
октябрь
2021
Жер сілкінісі кезінде атқарылатын іс-қимылдар
   15. 10. 2021 күні Алматы қаласының төтенше жағдайлар Департаменті Білім басқармасының қолдауымен онлайн форматта “Жер сілкінісі кезінде атқарылатын іс-қимылдар” атты тақырыпта жалпықалалық сейсможаттығу ұйымдастырды. Онлайн сейсможаттығуға мектеп директоры Омишова А. Н, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Мұқамғали Д, мектеп менеджері Еркінбек Б.К және 10-сынып оқушылары қатысты.
15 қазан- кітапханашылар күні!
15
октябрь
2021
15 қазан- кітапханашылар күні!
   Кітапсыз білім жоқ,    Білімсіз күнің жоқ. Кітапханашы күні - бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы - кітаптарды қамқорлыққа алады. Кітапсыз біз оқып, әлемді және өзімізді танып, дамып, ғылым мен өнердің жаңа шыңдарына қол жеткізе алмаушы едік. Кітапханашылар күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда
"Менің кіші Отаным" атты интеллектуалдық конкурс
14
октябрь
2021
"Менің кіші Отаным" атты интеллектуалдық конкурс
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы  мектеп оқушылары арасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты қалалық интелектуалдық конкурс ұйымдастыруда.  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші нағыз жүйрікті анықтау мақсатында бұл конкурсты біздің мектеп ең алдымен мектеп ішінде ұйымдастырды. Мектепте жақсы көзге түскен 9 оқушы аудандық конкурсқа жолдама алды. Ауданнан 4 оқушымыз жүлделі орындарға ие
Қайырымды жандар
13
октябрь
2021
Қайырымды жандар
   Жақсылық жасаудан жаны рахаттанатын жомарт жандар арамызда аз емес. Солардың бірегейі Сенім аға мен Маржан апайымыз. Олар біздің мектепке үнемі демеушілік білдіріп жүреді. Бұл жолғы жасаған жақсылықтары да ауыз толтырып айтарлық деуге болады. Мектебімізде тұрмыстық жағдайы нашар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бары жасырын емес. Сенім аға мен Маржан апай осындай 10 отбасыны азық- түлікпен қамтамасыз етіп, ата-аналар мен балалардың жүзіне кішкене болса да жылу сыйлады. Жүрегі
Бокстан Алматы облысының чемпионаты өтті.
12
октябрь
2021
Бокстан Алматы облысының чемпионаты өтті.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырды.  Облыстық турнирге біздің мектептің оқушылары қатысып, оның ішінде Жұман Азамат I орынды жеңіп алып, басқарма басшысы Н. Теңізбаевтың қолынан арнайы грамота мен кубокты иемденіп қайтты.  Спорт әлемінің жарық жұлдызына айналып, биік шыңдарды бағындыра бер, Азамат. Біз сенімен мақтанамыз!
"Қыз Жібек" ұйымы құрылды.
11
октябрь
2021
"Қыз Жібек" ұйымы құрылды.
  Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Көріп пе ең сұлу қыздың мұндай түрін?... Мектебімізде қазақилықты қанына сіңдірген, бойынан бар сұлулық атаулы табылатын бұрымды қыздардан құрылған “Қыз Жібек” ұйымы ашылғалы жатыр.     Егерде сен нәзіктік пен көркемдікті, ақылдылық пен әдептілікті, әдемілік пен ізгілікті, бір сөзбен айтқанда, нағыз қазақ қызына сай қасиеттерді өз бойыңа сіңіргің келсе, басқаларға үлгі болып, бұрымды қыздар
"Дебат болашағы" номинациясы
10
октябрь
2021
"Дебат болашағы" номинациясы
   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Республикалық, мектептік дебат турнирінің аудандық кезеңінен оқушыларымыз “Дебат болашағы” номинициясын иемденді.     Жетекшісі Ынтымақ Даутбекқызына мектеп ұжымы атынан ризашылығымызды білдіреміз. #53мектепгимназия @edu.almaty  @akimat_almaty  @akimat_medeu  @medeu_roo @almatydaryny
Волейбол жарысы
09
октябрь
2021
Волейбол жарысы
     Медеу аудандық “Ұстаз” кәсіподағы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мекеме қызметкерлері арасында ұйымдастырылған волейбол жарысынан 53 мектеп- гимназиясының қыздары жүлделі 1️⃣ орынды жеңіп алды. Жарайсыздар, арулар!!! Жеңістеріңіз құтты болсын! Тек қана алға!!!🥇🏅🎖💪🏻👏🏻👏🏻 #53мектепгимназия@edu.almaty  @akimat_almaty  @akimat_medeu  @medeu_roo
Асханадағы тамақтың сапалық құрамын  тексеру
08
октябрь
2021
Асханадағы тамақтың сапалық құрамын тексеру
2021 жылдың 8-қазан күні бракераждық комиссия мектеп асханасын  тексеріп қайтты. Осы күнгі ас мәзірінде:балғын (свежий) қиардан жасалған  салат, еттен жасалған котлет,күріш,ара балы және сок болды. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес. Басқа да тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келді. Оқушылардың барлығы әр  қоңырауда 
"Мен ғажаппын" тренингі
08
октябрь
2021
"Мен ғажаппын" тренингі
        2021-2022 оқу жылында 11- сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы отырған жас түлектерімізге мектеп психологтары “ Мен ғажаппын” тақырыбында көңілді тренинг ұйымдастырды.         Тренинг барысы қызықты ойындар, психологиялық жаттығулар, пікір сайыс және жағдаяттық сұрақтардан тұрды. Оқушылардың миын тынықтырып, әрі өмірлік мақсаттарын айқындауға аз да болса бағыт сілтеген психолог мамандар әрбір түлектің жүрегіне жол тауып, өмірге деген құштарлығын арттырды. #53мектепгимназия