ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы
09
сентябрь
2021

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы

    2021 жылы 8 қыркүйекте Алматы қаласы, Медеу ауданы, 53 мектеп-гимназиямызда 2021 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын мектеп директоры А.Н.Омишова мен мектеп ұстаздары ZOOM платформасы арқылы талқылады. Жолдауды баяндау мақсатында жасалған презентацияны мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Аяулым Тлепбергенова дайындады. Аяулым өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жеті тараудан тұратын міндеттерін, пандемиядан кейінгі экономикалық даму мәселелерін презентациясында нақты көрсете білді. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, адам құқығын қорғау бағытындағы бастамалары бойынша тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты міндеттерді айқындап берген болатын. Әсіресе, білім саласындағы соңғы өзгерістерді талдай отырып, жаңа форматтың оқушылар мен мұғалімдер үшін тигізген ықпалын талқылады.Жаңа формат оқушылар мен ұстаздарды жаңа машықтарды игеруге мәжбүрлеп қана қоймай, тұтастай білім беру жүйесін цифрландыру ісіне де мәжбүрлі түрде серпін берді. Сондықтан да, Мемлекет басшысы «толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» деген тапсырма берді. 
    Талқылау соңында жолдауда айтылған негізгі және басты мәселелер талқыланып, қорытындыланды. 




     
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив