"Директорлық сенбі - ата-ана үні " » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Директорлық сенбі - ата-ана үні "
13
февраль
2021

"Директорлық сенбі - ата-ана үні "

Қазақстан Республиксының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасы әрбір білім беру ұйымдарына «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн – кездесулерін өткізуі туралы шешім қабылдаған болатын. Кездесудің мақсаты- қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу , құқық бұзушылық пен суицидтік мінез – құлықтың алдын алу, сондай – ақ «мектеп – бала - ата- ана» қарым – қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық – педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата – аналарға пәрменді көмек көрсету.  Осы шараны жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 13 ақпанында  №53 мектеп-гимназиясында   «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн кездесуі ұйымдастырылды.Ата – аналарға арналған онлайн – сұхбатқа – директор, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, мектеп психологі, әлеуметтік педагог және пән мұғалімдері қатысты. Онлайн-кездесуде мектеп әкімшілігі ЕНТ-ға дайындығы және оқушы тәртібіне байланысты өз ойларын айтты. Ал ата-аналар белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын және алғыстарын жеткізді.  ✔Күн тәртібінде: Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, 9-11 сыныптардың қорытынды аттестациялауын ұйымдастыру туралы директордың ОІЖО Кунишбаева Г.Н. ✅Мектеп-гимназия мұғалімдердің аудандық, қалалық деңгейдегі тәжірибе алмасу мақсатында өткізген шеберлік сыныптары  туралы  директордың ОІЖО Сламова Ж.С. ✅Қашықтан оқу кезінде «Ел жастары» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан тәрбие жұмыстары. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген шаралар туралы директордың ТІЖО Сргабаева Б.Б. Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен атқарылып жатқан жұмысы туралы дефектолог-логопед  Қамаділ Ж. ✅Балалар мен жасөспірімдер    ұйымдарының қашықтан оқу кезінде жұмыс жасауы  туралы     аға-тәлімгер  Әбдірахман Ж.Е. ✅2020-2021 оқу жылындағы №53 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралары мектеп психологы:  Бахрадин Ф.Ж. @edu.almaty @akimat_almaty @medeu_roo
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив