"Балақайлар мектебі"
Алматы қаласы Медеу ауданы №53мектеп-гимназиясында тамыз айының 02.08-13.08.2021 ж уақыт аралығында ұйымдастырылған мектептер жанындағы «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары аяқталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына сәйкес даярлық курстарын жүргізу барысында, оқушылар мен мұғалімдердің өмір қауіпсіздігін сақтай отырып, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.
«Балақайлар мектебі» даярлық курсы арнайы оқу жоспарына, сабақ кестесіне, күнтізбелік - тақырыптық жоспарына, мақсат-міндеттеріне сүйене отырып жүргізілді.
«Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстарын жүргізіп отырғандағы басты мақсатымыз:
- мектепте өзін ұстау тәртібін сақтау;
- гигиеналық ережені сақтау;
- сурет бойынша әңгіме құрастыру;
- өлеңдерді мәнерлеп оқу;
- әңгімені, ертегіні мазмұндау;
- сөздерді дыбыстық талдау;
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
- 10 дейін сандар мен цифрларды білу;
- 20 дейін санау;
- дәптерді, кітапты, кеңістікті, уақытты бағдарлау;
- қарапайым тапсырмаларды орындау;
- бейнелеу құралдарын қолдану болып табылады.
@edu.almaty
@akimat_almaty
@akimat_medeu
@medeu_roo