15
февраль
2021
Бұл күн – біз үшін тарихи күн!
Бұл күн – біз үшін тарихи күн! Бүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағыңа да балта шабатын 10 жылға созылған бұл соғыстың аяқталғанына 32 жыл болыпты. Дәл осы күні, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. Майдангер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, біз Ауған соғысы ардагерлері II дүниежүзілік соғысын көрген ақсақалдарымыздың лайықты ізбасары ретінде жастарымызды Жаңа Қазақстанның болашағы үшін Мәңгі Ел болуды Қазақ Елі үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Соғыстағы әрбір командирдің арманы тек қана жеңіс десек, ол үшін аздап қан төгу керек, ал бүгінгі еңбек майданында Тәуелсіз Қазақстан үшін тер төгіп, арымызды аяқасты етпей, мемлекет мүддесі үшін өмір сүруіміз керек. Бастарыңызға байлық, жанұяларыңызға амандық тілеймін. Сіздерден төгілген шапағатты шуаққа барша қазақстандықтар бөленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo
