07
октябрь
2020
Бала құқығын қорғау
#53 мектеп-гимназиясы бала тәрбиесіне аса мән беріп, баланы қорғау құқығы аясында жұмыстар жүргізуде.
Бала – біздің болашағымыз!!!
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады.
#бала_біздің_болашағымыз!
#үнемі_есіңде_болсын!
#сені_қорғайтын_ұйым_бар!
@akimt_almaty
@akimat_medeu
@medeu_roo
Nur Otan Medeu