«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыс есебі
Алматы Білім басқармасы
«№53 мектеп-гимназия» КММ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
жүргізілген жұмыс есебі
2024-2025 оқу жылы
Тәрбие жұмысы жаңа ұлттық идея «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде жүргізілуде.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
1-11 сынып оқушыларымен апта сайынға сынып сағаттар «Білім беру ұйымдарында жалпыға бірдей құқықтық білім беру», «Көмек» қауіпсіздік бағдарламаларының негізінде өткізілді.
Әр тоқсан сайын жалпы ата-ана жиналыстары мен сынып жиналыстары өткізіліп, хаттамаға түсірілді.Ата-ана жиналысының күн тәртібінде, бала қауіпсіздігі, өзіне –өзі қол жұмсау, дініи эктремизм, сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл,1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпыға бірдей құқықтық білім берубағдарламасы, ЖЖЕ, ӨҚ, ТҚ, басқа да тақырыптар қамтылды.
Ай сайын Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сай 1-4, 5-8,9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен дәріс, тренинг, коучинг, ойын, талқылау формасында жұмыстар жүргізіліп, ата-ана жиналысының күн тәртібіне енгізіліп, хаттамаға жазылды.
2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» жоспары мен мақсатына Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі. «Біртұтас тәрбие беру» бағдарламасы 6 құндылыққа негізделіп отыр. Олар: тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз –тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Сондай-ақ мектепішілік бақылауға қойылған балалармен психолог, әлеуметтік педегог, ДТІЖО және сынып жетекшілері тікелей жұмыс атқарып, құжаттарын жасап өткізді.
Ұлттық құндылық, талап , ұлттық мүдде құндылықтарының негізінде қараша айында мектебімізде өткізілген қалалық семинарда «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін» тақырыбында коучинг, қалалық нарколог, заң өкілдерімен бірлескен «Нашақорлық –ғасыр дерті» дәріс, Медеу ауданы мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және аудандық әдіскерлердің қатысуымен қалалық «Педагогикалық табысқа жетудің түрлері» тақырыбында барлық оқушылардың және ата-анлардың атсалысуымен тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру, биология, сынып жетекшілерімен Өзін –өзі басқару ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен көптеген жарыс, ойын жұмыстары өткізілді.
Республика күніне орай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау рәсімі өтті.1-11 сынып аралығын қамтыған бұл жиында әр сыныптан тәрбиесімен үлгі, білімнен озат, ұшқыр ойлы болған 110 оқушы қабылданды
“ Бала қауіпсіздігі -қоғам келешегі” атты жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.Жиналысқа 1-11 сынып ата-аналары қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналармен бірлескен әрекет арқылы құқықбұзушылықтың, тұрмыстық және киберқылмыстардың алдын алу, сондай-ақ балаларды физикалық және психологиялық тұрғыдан қорғау.Жиналысты мектеп гимназия директоры А.Н.Омишова ашып, бала қауіпсіздігіне байланысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Ұлттық мүдде құндылығы негізінде балаларды Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға,Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосуға, ұлттық мұраға ұқыпты қарауға, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге, қоғам игілігі үшін қызмет етуге, Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болуға ,ұлттық мәдениетті дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің жемісі» атты іс- шара өтті. Салтанатты жиынға Тұран сыйлығының иегері,суретші, монументалист Смағұлов Асан Тоқтарханұлы және желтоқсаншы Исполавна Айман Ахашқызы қонақ болды.
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған “ Тәуелсіздікке тағзым “ атты челлендж өтті.Челленджге 7-10 сынып оқушылары қатысты. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және Тәуелсіздік құндылығын насихаттау болды.
Сынып жетекшілер онкүндігі аясында “ Ағалар “ мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес жас актер Данияр Абдуллаевпен кездесу өтті. Бұл тағылымды шараның мақсаты – оқушыларға тұлғалық бағыт-бағдар беру, мәдениет пен өнер саласына қызығушылығын арттыру, сондай-ақ табысты болудың сырын шынайы өмірден үйрену.Кездесу барысында Данияр Абдуллаев өз шығармашылық жолы, алғашқы қадамдары мен актерлік өнерге деген сүйіспеншілігі туралы ашық әрі шынайы әңгіме өрбітті. Ол оқушылармен кино, театр, қазіргі қазақ мәдениетінің дамуы жөнінде ой бөлісіп, өмірлік тәжірибесімен, табысқа жетудің жолдарымен бөлісті.Іс-шара барысында оқушылар қонаққа өз сұрақтарын қойып, кәсіби актерлікке қатысты кеңестер алды. Сонымен қатар, Данияр Абдуллаев бірқатар қысқаша көрініс көрсетіп, актерлік шеберліктің қыр-сырын сахнада көрсетті.
18 наурыз – ұлттық киім күні!
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлттық киімдері туралы түсінік бере отырып, ұлттық құндылықтарды бойларына дарытуға, ұлттық мұраны қастерлеуге ,білімді, жан-жақты болуға, дарынды, ұлтжанды болуға тәрбиелеу мақсатында 6- сынып оқушыларының арасында “Ұлттық киім - ұрпаққа мұра” тақырыбында интелектуалды сайыс өткізілді. Сайысты іс- тәжірибеден өтіп жүрген 3- курс студенттері ұйымдастырды.Наурыз мерекесіне орай «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне қатысты.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында білім ордамызда "Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз" атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу, дүниетанымын кеңейту. Балалар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу арқылы басқаларды да кітап оқуға шақыру. "Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз" атты іс-шараға мектептің 1-11 сынып оқушылары түгелдей ат салысты.Оқушылар қысқы демалыста кітапханадан көркем әдеби кітаптар алып оқыды.
20-наурыз Ұлттық ойындар күні! Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға¬сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
2025 жылдың 1 мамыр күні, Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай мектебімізде «Халықтар достығы» атты мектепішілік фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында ұлттар арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу болды.Фестивальге 1–11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері белсене қатысты. Әр сынып бір ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киіммен сахнаға шығып, сол ұлтқа тән би түрлерін орындады.Мерекелік шарада қазақ, орыс, өзбек, корей, ұйғыр, татар, түрік және басқа да ұлттардың мәдениеті мен өнері насихатталды. Оқушылардың шығармашылық ізденісі мен ұлттар арасындағы сыйластыққа деген көзқарасы ерекше көрінді.
Ақпан айынан бастап мамыр айына дейін «Ұлы Жеңіске 80 жыл» тақырыбында
іс-шаралар, көрме, челлендждер жүзеге асты. 9 мамыр ардагерлерді келе жатқан мейрамдарымен құттықтады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау – бұл терең мағынаға ие, рухани әрі патриоттық тәрбиенің көрінісі. Ардагерлерге деген құрмет – елдің тарихын, ерлігін, Тәуелсіздіктің негізін құрметтеу деген сөз. Бүгінгі тыныш таң мен бейбіт өмір –олардың қажырлы күрестерінің, жанкешті ерліктерінің нәтижесі.Осы орайда мектебіміздің оқушылары ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, Президент Қ.К.Тоқаавтың берген медальдарын табыстап қайтты.
Жоғарыда аталып отырған барлық іс-шаралар мектептің сайты мен әлеуметтік желілерде уақтылы жарияланып отырды.
Қорытынды:
Жүргізілген барлық жұмысты талдай отырып, барлық қызмет «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес және барлық бағыттар бойынша жүргізілгенін айтуға болады. Жүргізілген жұмыс өзінің кәсіби мүмкіндіктерін анықтауға, сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыру және одан әрі кәсіби өсудің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.
2024–2025 оқу жылында білім беру ұйымында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, жүйелі жұмыс жүргізілді. Бағдарлама аясында тұлғаның жан-жақты дамуына, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, ұлттық тәрбиеге негізделген тәрбиелік жұмыстарға басымдық берілді.Бағдарлама аясында жүргізілген тәрбие жұмыстары оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға, отансүйгіштікке баулуға және жеке тұлға ретінде қалыптасуына оң ықпал етті. «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалып, тәрбие процесі жоспарлы және нәтижелі түрде жүзеге асырылды.
Ұсыныс:
1.Іс-шаралар форматын тек мерекелік сипатта емес, тәжірибелік, жобалық, зерттеушілік бағытта ұйымдастыру;
2. Бағдарлама аясында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие сағаттарын, этнотанымдық жобаларды енгізу
3. 2024-2025 оқу жылында ата-аналармен жұмысты күшейтуге, сондай-ақ қауіпті, агрессивті балалармен жұмыс істеуге назар аудару қажет. Өткен жылғы жұмысты талдауды ескере отырып, алдағы жылғы қызметін жалғастыру.
4. Сынып жетекші тарапынан оқушылардың тегін үйірмелерге қатысуын қадағалау.
5. Әр паралель сыныптарды ұйымдастырып, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында қарттар және балалар үйіне баруын жоспарлау.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Утекаева Г.Ж.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абиыр А.Б.