Жұлдыз Сүлейменованың мектеп директорларымен кездесуі » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жұлдыз Сүлейменованың мектеп директорларымен кездесуі
23
февраль
2022

Жұлдыз Сүлейменованың мектеп директорларымен кездесуі

23.02.2022ж күні Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласының мектеп директорларымен кездесу өткізді. Аталған кездесуге біздің мектебіміздің директоры Омишова Асем Нұрмұханбетқызы да қатысты. Шарада "Nur Otan" партиясы аудандық филиалдың төрағасы, аудан әкімі Әсет Масабаев пен ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, сондай-ақ, Алматы қаласы білім басқармасының @edu.almaty өкілдері де болды.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова Парламенттің заң шығару қызметі туралы және Президенттің депутаттық корпусқа берген тапсырмалары туралы қысқаша айтып берді. Сонымен қатар, педагогтардың мәртебесіне қатысты өзекті тақырыптар, білім беру саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды. Қатысушылар мұғалімдерге, директорларға, балабақшаларға қатысты өткір мәселелерді көтеріп ортаға салды.

Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләловтың тарапынан мұғалімдер құрамымен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға және білім беру бағдарламаларын жақсартуға қатысты ұсыныстар түсті.
Қорыта келе, депутат Жұлдыз Сүлейменова барлық қойылған сұрақтарды бақылауға алып, оларды шешу үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив