22
январь
2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Алматы қаласы, Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 22.01.2019 ж. Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Кайыржан Ахметбекович Тоқышевтің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күресу-басты міндет» тақырыбында ауданның мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және мектеп директорларының тәрбие ісі меңгерушілеріне арналған жиын өткізілді. Жиында: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында іс-шараларды жиі ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерге кешенді талдау жүргізу, алдағы уақытта оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы айтылды.