14
декабрь
2019
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
12 желтоқсан күні #53 Мектеп-гимназиясының концерт залында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік концерт өткізілді. Концерттің мақсаты – өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мереке соңы мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.