20
декабрь
2018
Желтоқсан қатысушыларымен кездесу
Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай Орталықтандырылған кітапхана ұжымының және мектебіміздің тәлімгері Алпысбайқызы Арайлымның ұйымдастыруымен кездесу өтті. Аталмыш шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен мектебіміздің оқушылары қатысып, Желтоқсан оқиғасының туу себептері, Қазақстанның тәуелсіздігін жақындатуға сеп болған, кеңестік қызыл империның іргесін шайқалтқан жастар толқуы жайлы әңгіме қозғалды.