14
февраль
2019
Құсбегімен кездесу
Ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек қылып, өздігімен ізденіп, үйреніп, өлкемізде құсбегілікті, саятшылықты дамытуға атсалысып жүрген Абен Абзал Ануарұлы мен Кудабек Елтінді Ергешұлымен 14.02.2019 жылы мектебімізде кездесу болды. Құсбегі құстарының қандай түрлері болатынын, оларды қалай ұстап, қалай қолға үйрету керектігін, жемдеу, түлекке отырғызу, аңға салу сияқты машықтарын қалай іске асыру керектігін айтып, таныстырып өтті. Кездесу соңынан құсбегі үйреткен ителгісімен шырғаға түсіру, ұшырып қолға шақырып қондыру әдістерін көрсетті. Кездесу өте қызғылықты өтті.