Брифинг
12 тамыз Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Л.Ә.Жылқыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа 2021-2022 оқу жылына дайындық жұмыстарына арналған брифинг өткізді.
Брифинг барысында білім беру ұйымдарының дәстүрлі оқыту форматына көшуіне байланысты негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар және оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Алдын ала жүргізілген талдау бойынша жаңа оқу жылында қала мектептерінде 1-11 сыныптарында 280 мыңнан астам бала оқитын болады және оның ішінде бірінші сыныптарға 30 мыңға жуық бала қабылданғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасының қатысушылары болып табылады және қажетті мөлшерде дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген, медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерден басқа, мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 100% вакцинациядан өткенін , дайындық жұмыстарының жалғасуда және бақылауға алынғанын айтып өтті.