30
январь
2021
Кездесу!
29.01.2021 жылы ҚР-ның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласына іс сапармен келді. Іс сапар барысында бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, мектеп директорларымен және ұстаздар қауымымен сақтық шараларын сақтай отырып, жоспардан тыс кездесу өткізді. Кездесу барысында " Ұстаз мәртебесі" заңы туралы сөз қозғалды, білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарға, оларды тағайындау және аттестаттау тәртібіне, жалақының көтерілуі туралы айтылды. ЕНТ электрондық форматта өтілетіндігіне, білім беру ұйымдарына аттестаттау жүргізілетіндігі туралы тоқталды. Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.