24
декабрь
2020
Жетістіктер!
Бокс- төбелес емес, түсіне білген адамға үлкен өнер, үздіксіз жаттығу, ерен еңбек!
Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі.
Школа-гимназия №53сының көптеген оқушылары, тіпті қыз балаларымыз да осы спорт түріне асқан қызығушылықпен қатысады. Жай ғана қатысып қоймай, аудандық, қалалық, Республикалық жарыстардан, турнирлерден жүлделі орындар алып, қанжығамызды толтыруда.
Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік күніне орай балалар мен жасөспірімдер арасында KUAT BOXING CLUB-да өткізілген ашық турнирге 11 «А» сынып оқушысы Бакубаев Данияр, 9 «А» сынып оқушысы Нұрбапа Райымбек, 8 «Ә» сынып оқушысы Жанабил Алғазы, 7 «Б» сынып оқушысы Акбисенов Данияр, 6 «Б» сынып оқушысы Мурсал Қадырбек, 5 «Ә» сынып оқушысы Жаксылыков Абзал, 6 «А» сынып оқушысы Болатбекұлы Әлтайыр, 5 «В» сынып оқушысы Надырбек Диана атты оқушыларымыз қатысып, команда есебінде І орынды иеленгенін қуана хабарлаймыз.
Мектебіміздің мәртебесінің көтерілуіне, оқушыларымыздың спорт саласы бойынша шыңдалуына үлес қосып жүрген жаттықтырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сумазов Шабаз Илясұлына үлкен алғыс білдіреміз!
#53мектепгимназия #бізбіргеміз #жақыныңажанашырбол @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeu_roo