Азнабаева Ғалия
Азнабаева Галия Абдыхаевна– білімі жоғары, еңбек, бейнелеу өнері, сызу пәнінің мұғалімі, жалпы пед. өтілі 23 жыл, №53 ЖББ мектебінде 12 жыл еңбек етіп келеді, санаты жоғары. 2008 – 2009 оқу жылынан бастап ӘБ – нің жұмысын атқарып келеді.
Осы мектепте 2003-2004 оқу жылынан бастап еңбек ете отырып, көптеген жетістіктерге жетті.
Оқушыларды бейнелеу өнері, технология, сызу пәндерінен жарыстарға апарып, жүлделі орындарға ие болды.
Биылғы оқу жылында, яғни 2016 жылдың 22 ақпанында «Земля нам и потомкам» атты сурет салудан қалалық байқаудан 9 «А» сынып оқушысы Әмірхан Дидар 1-ші орынды иеленді. «Мой край родной, моя земля» атты сурет салудан қалалық байқаудан 9 «Ә» сынып оқушысы Төленбек Алмас
3-ші орынды иеленді, сонымен қатар 5 «Ә» сынып оқушысы Амангельдиева Мадина 3-ші орынды иеленіп, 2 «В» сынып оқушысы Әбіш Гүлдәурен «За графическое решение» номинациясы бойынша мадақтау грамотасын алды.
2016 жылдың 5-8 сәуір аралығында №83 гимназиясында технология сабағынан оқушылардың сәндік қолданбалы қолөнер жұмыстары бойынша өткен қалалық байқада 9а сынып оқушысы Бек Ақерке «Моншақтармен жұмыс» номинациясынан 3-ші орынды иеленді.