15
декабрь
2020
«Жасай бер менің Қазақстаным» сурет байқауы
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздігі мерекесіне орай Медеу ауданы білім бөлімі «Жасай бер менің Қазақстаным» тақырыбында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың негізгі мақсаты: Балалардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін қалыптастыра отырып, шығармашылық дарынын шыңдау.
Осы орайда, 8 «Ә» сынып оқушысы Жамбыл Анель, (жетекшісі Азнабаева Галия Абдыхаевна) «Жасай бер менің Қазақстаным» атты тақырыпта сурет салу байқауына өз жұмысын жолдады.
Бір ғана сурет бүкіл Қазақстанның бейбіт, тәуелсіз ел екендігін анық бейнелеп тұрғандай. Еліміздің шығармашыл, дарынды азаматтары көп болсын!