07
декабрь
2020
"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу"
#53 мектеп-гимназиясының 9 "Ә" сынып оқушыларымен сынып жетекшілер онкүндігі аясында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Азирбаева Қырмызы Илясқызы онлайн тәрбие сағатын өткізді. ✅Мақсаты: өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру, құқық бұзушылықтың алдын алу іс –әрекеттері туралы айту. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру және еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру болды. 🔺️Қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып кеткен жасөспірімдер арасындағы қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу, баланың жеке басына түсетін қиындықтар туралы кеңнен айтылып, оқушылардың ойлары да ортаға салынды. Біз болашақ ұрпақтың сауатты, өз құқығына берік және көзі ашық Азаматтар болатына сенімдіміз. 🤗🤲❤ #53мектепгимназия #онкүндік #онлайн #құқықтықсауаттылық #қашықтықтаноқыту @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeu_roo