11
октябрь
2019
Гинекологпен кездесу
2019 жылдың 10 қазанында Школа-гимназия №53сының 6-7- сынып оқушыларымен Алматы қаласының №2 поликлиникасының акушер-гинекологы Досымбекова Бақыткул Молдакашовна және психологтары Бертаева Айжан Серікбаевна мен Қайранова Айдана Оразалықызымен кездесу өткізілді. Кездесуде оқушыларға жеке бас тазалығы тақырыбында дәріс оқылды. Гинеколог А.С.Досымбекова жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды. Дәріс соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты бейнематериалдар көрсетілді.