02
декабрь
2020
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар
Зейінді дамыту жаттығулары дегеніміз не? №53 мектеп- гимназиясының 1- 2 кезекші сынып оқушыларымен дефектолог- логопед маманның зейінді дамыту жаттығулары. Дефектолог- логопед: Қамаділ Жадыра Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Зейінді дамытуға арналған жаттығудың мақсаты: Баланың зейін әрекетін дамыту. Зейіннің тұрақтылығын, зейіннің бөлінуі мен ауысуын, зейін қоя білуін дамыту. Логикалық ойындар мен жаттығулар арқылы баланың тек зейін әрекетін емес қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу де ескеріледі. Әр топ балаларымен сабақ аптасына 2–3 рет жүргізіледі. Топтық сабақтардың ұзақтығы балалардың жасына байланысты болады.Оқушылармен түзету жұмыстары жүргізіліп, ойын тапсырмалар, жаттығулар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерімен, саусақ жаттығулары, тыныс жолдарымен жұмыс жасалынды. Танымдық әрекеті бойынша зейінін шоғырландырып, ойын жинақтауды үйренеді. @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo