01
июнь
2022
“АЛМАТЫ BALAFEST” ауқымды іс-шарасының марапаттау рәсімі
🌺🌺🌺1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Медеу ауданы әкімдігі мен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Балалар жылы-2022” бағдарламасы аясында “АЛМАТЫ BALAFEST” ауқымды іс-шарасы қолға алынған болатын. Бүгін мерекеге байланысты Оқушылар сарайы алаңында аталған іс-шараның марапаттау рәсімі өтуде. “Қолөнер кереметтері”, “Қиялшылдар елі”, “Шеберлік сағаты”, “Балалық шаққа саяхат” бағыттары бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз үшін концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылды. Әсем ән-биі мен түрлі ойын-сауық шаралары арқылы оқушыларға тамаша көңіл-күй сыйлаған Медеу ауданы әкімдігі мен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастырушыларына #53 мектеп-гимназиясының атынан алғыс білдіреміз.
🌸🌸🌸Жарқын болашағымыздың кепілі болатын бүлдіршіндеріміздің балалық шағы бақытты сәттерге толы болсын!🌸🌸🌸
🌸🌸🌸Жарқын болашағымыздың кепілі болатын бүлдіршіндеріміздің балалық шағы бақытты сәттерге толы болсын!🌸🌸🌸