19
май
2022
"Алматы BALAFEST" балалар фестивалі
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласында алғаш рет 2022 жылғы 5 мамырда ауқымды іс-шара – «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алды.
Фестивальдің мақсаты - балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру.
Осы орайда, "Алматы BALAFEST" балалар фестивалі аясында «Жұлдызды сәт» байқауының «Би шоуы» номинациясы бойынша мектебіміздің «Белла» үйірмесінің биші қыздары аудандық кезеңге қатысып бақ сынап қайтты.
Жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз. Жас өнерпаздарға сәттілік тілейміз!