Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сап түзеу
25
декабрь
2019
Сап түзеу
24.12.2019 жылы №53 мектеп-гимназиясында сап түзеу өтті. Негізгі мақсаты: оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі  қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуі жайында түсіндірмелі жұмыстар жүргізу. Сап түзеу соңында пәндік олимпиададан, спорттық жарыстардан, ғылыми жұмыстардан жүлделі орындар алған оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Республикалық байқау
10
декабрь
2019
Республикалық байқау
"Гүлдене бер, менің Қазақстаным" атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында "Хореография" номинациясы бойынша жоғары жетістікке жеткені үшін №53 мектеп-гимназиясының "Жұлдыздар" тобы "Қазақ" биімен II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетістіктер
03
декабрь
2019
Жетістіктер
Алматы қаласы жасөспірімдер арасындағы бокстан мектебіміздің спортшылары жүлделі орындармен, мадақтама қағаздармен марапатталды. 
"Отбасы - тәрбие басы , мектеп- тәрбие жаршысы"
25
октябрь
2019
"Отбасы - тәрбие басы , мектеп- тәрбие жаршысы"
№53 мектеп-гимназиясында 2019 жылы 25 қазанда "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" атты біріңғай сынып сағаты өтті.  Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі , оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.
Үстел теннисінен турнир
24
октябрь
2019
Үстел теннисінен турнир
22.10.2019 жылы №159 гимназияда Медеу ауданы мектептерінің 1-11 сыныптарынан құралған командалар арасында үстел теннисінен  жарыс өтті. Турнирге 3-4  адамнан құралған 9 команда қатысып, бақ сынасты. Әрқайсысы жеңімпаз атануға ұмтылып, бір-біріне лайықты қарсылас болды.«Қатысушылар жарысқа белсенді түрде қатысты. Әр ойын өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Спортшыларымыз жарады. Барлығы да бірінші орынға ие болғысы келеді,әрине. Бірақ жеңімпаз болатын тек  бір ғана команда», – дейді
Ағылшын сабағы
02
октябрь
2019
Ағылшын сабағы
01.10.2019 жылы білім ордамызда  8-сынып оқушыларымен Odudote-Famili есімді Нигериядан келген ағылшын пәні мұғалімі  сабақ өтті.  Сабақ оқушыларға  ерекше әсер сыйлады. 
Әдеби сазды ән байқау
25
сентябрь
2019
Әдеби сазды ән байқау
25.09.2019 жылы қалалық "Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең, менше сүй" тақырыбында әдеби сазды ән байқауы өтті. Аталмыш байқауға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі  Бейсембай Назерке Сәбитқызы және шәкірті 11-сынып оқушысы Шаңлақбаев Ердаулет қатысып жүлделі  III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оқудағы жетістіктер
21
май
2019
Оқудағы жетістіктер
2018-2019 оқу жылында аудан және облыс көлемінде ұйымдастырылған пәндік олимпиадаға, мектебіміздің білімді де, дарынды оқушылары қатысып, өздерінің білімдерін көрсетіп, бақтарын сынады. Оқушыларымыз ұстаздардың еңбектерін ақтап, аудандық және облыстық олимпиададан күткеніміздей жүлделі орындарды иеленді. Осыған орай бүгін  мектебімізде олимпиада жеңімпаздарын мадақтама қағаздарымен, I  және II дәрежелі дипломдармен, марапаттады.
Аудандық олимпиада
21
январь
2019
Аудандық олимпиада
Бүгін мектебімізде аудандық олимпиада жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталды.