Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістіктеріміз!
20
январь
2021
Жетістіктеріміз!
Алматы қаласы Білім Басқармасының "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен  "Зерде" қалалық 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының биология, химия секциясы бойынша #53 мектеп-гимназиясының 7 "А" сынып оқушысы Сагинтай Жансая мадақтама қағазымен марапатталды. Ғылыми жобаны дайындауға жетекшілік еткен мектеп-гимназияның ағылшын  пәнінің мұғалімі  Шынасылова Гулмира Жомартқызы. Осындай
Жетістіктеріміз!
18
январь
2021
Жетістіктеріміз!
Алматы қаласы Білім Басқармасының "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен  "Зерде" қалалық 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының биология, химия секциясы бойынша #53 мектеп-гимназиясының 7 "Б" сынып оқушысы Қалап Айдана III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жобаны дайындауға жетекшілік еткен мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі  Азирбаева Қырмызы Илясқызы. Осындай
Жетістіктер!
26
декабрь
2020
Жетістіктер!
       Мектебіміздің биылғы жылғы түлегі, әдебиетке жаны жақын, қазақтың қара өлеңінің майын ішкен, ақындықты шын жүрекпек сүйетін, Абай оқуларының аудандық, қалалық жүлдегері  Қасқарбек Аружан биылғы жылғы қалалық байқаулардан да құр алақан қалмады.            VII қалалық "Ақберен" өнер байқауына "Ақындар мүшайрасы" номинациясы бойынша қатысып, қанжығасы майланып, ІІ дәрежелі дипломға ие болса, дәл осы номинация бойынша ІІІ қалалық "Қадыр оқулары - 2020"  байқауының Бас жүлдесін қоржындағы
Жетістіктер!
24
декабрь
2020
Жетістіктер!
    Бокс- төбелес емес, түсіне білген адамға үлкен өнер, үздіксіз жаттығу, ерен еңбек!         Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі.  №53 мектеп-гимназиясының көптеген оқушылары, тіпті қыз балаларымыз да осы спорт түріне асқан қызығушылықпен қатысады. Жай ғана қатысып қоймай, аудандық, қалалық, Республикалық жарыстардан, турнирлерден  жүлделі орындар алып,  қанжығамызды толтыруда.       Қазақстан Республикасының
Жетістіктер!
22
декабрь
2020
Жетістіктер!
       Физика пәні бойынша  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРБИЕШІЛЕР мен ЗИЯТКЕРЛІК БАЛАЛАР ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ ұйымдастырған ІІІ Халықаралық  пәндік олимпиадаға мектебіміздің  8 «Ә» сынып оқушысы Жамбыл Анель Маратқызы қатысып І дәрежелі дипломды иеленді.           Оқушының жетістікке жетуіне, шығармашылық дамуына үлес қосып жетекшілік етіп жүрген физика пәнінің мұғалімі Серікбай Улмираға зор алғыс білдіреміз! 
Жетістіктеріміз!
21
декабрь
2020
Жетістіктеріміз!
       Жас маманның кәсіби құзыреттілігі рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген, өзін әрдайым кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға болуында. Егер педагог шығармашыл болса, ол тәрбиелеген бала да шығармашылық әрекеттерге бет бұрады.          2020 жылдың қыркүйек айынан бастап ұстаздық қызметіне кіріскен жас маман, математика пәнінің мұғалімі Ахыметбек Айтмухамет жайлы ерекше айта кетсек артық болмас. Оқушылардың қашықтықтан оқып жатқанына
Жетістіктеріміз!
10
декабрь
2020
Жетістіктеріміз!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 3-10 сынып оқушылары арасында “Ақ Бота” республикалық интеллектуалдық марафоны өткізілді. Аталмыш интеллектуалды марафонға мектебіміздің 3 "Ә" сынып оқушысы Сабит Әмина қатысып, жүлделі II орынға ие болды. Жарайсың Әмина🤗❤👍 Жетекшісі: Амангелдиева М.А. Амангелдиевна Маржан, сізге шығармашылық табыстар тілейміз! #53мектепгимназия #марафон #диплом #жеңіс @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu
Жетістіктеріміз!
09
декабрь
2020
Жетістіктеріміз!
Мектебіміздің 4 "Ә"  сынып оқушысы Серік Айару "Ақ Бота" интеллектуалды марафонына  қатысып жүлделі III орынды иеленді. Жарайсың Айару!👍🤗❤💐 Жетекшісі: Қойлыбаева Алтын Молдановна.
Жетістіктеріміз!
25
ноябрь
2020
Жетістіктеріміз!
Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасындағы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған #53 мектеп-гимназиясының 10 "Ә" сынып оқушысы Балтабай Қанағат II дәрежелі дипломмен марапатталды. Қанағат, жарайсың жеңіс құтты болсын!💪💐 Жетекшісі: метебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна. ГульнарНуржумаевна, сізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Жетістіктеріміз!
17
ноябрь
2020
Жетістіктеріміз!
Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасындағы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған білім ордамыздың 10 "Ә" сынып оқушысы Бекжанқызы Гаухар III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жарайсың Гаухар!💪💐 Жетекшісі: Сейдакова Нуржамал Амангелдиевна. Нуржамал Амангелдиевна, сізге шығармашылық табыстар тілейміз. #53мектепгимназия #Жеңіс @edu.almaty @akimat_almaty