Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Гульнар Нуржумаевна  «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!
28
сентябрь
2022
Гульнар Нуржумаевна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!
«Ұстаздар мерекесіне» орай ұйымдастырылған концертте 33 жылдық еңбек өтілі бар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна білім саласына еткен еңбегі мен адал жұмысы үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!  #53 мектеп-гимназиямыздың абыройын көтеріп, жас буынға үлгі болғаныңыз үшін ұстаздар мен ата-аналардың, оқушылардың атынан алғысымызды білдіреміз! Ұзақ ғұмыр, деніңізге саулық, отбасыңызға береке, жұмысыңызға табыстар тілейміз!
Психологтар диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді.
26
сентябрь
2022
Психологтар диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді.
Психолог жоспарына сәйкес қыркүйек айында мектебімізге жаңадан келген оқушылардың ортаға бейімделуін анықтау және көмектесу мақсатында балаларға түрлі диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізілді. Арнайы сабақтар оқушылардың көңілінен шықты.  Психологтардан балаларға берілген кеңес: тәннің сұлулығына ең шипалы дәрі — сергектік пен жайдарлы көңіл күй. Баланың ынтасыда дәл осы дүниелермен бір істі қызықты жасап, ортаға тез бейімделуге болады.
Ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.
23
сентябрь
2022
Ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.
Мектебіміздегі маңызды оқиғалардың бірі мектеп ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.Мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Аргынбаев Арман Токтасынович, мектеп оқытушысы Абдымомунова Айнур Касымбековна және өзін-өзі басқару ұйымының экс-Президенті, 11 - сынып оқушысы Бекжанулы Еркебулан, 10 - сынып оқушысы Молдан Хайруддин, 9 - сынып оқушысы Туруспеков Нурбек мүше болған комиссия сайлау жәшігін ашып, ұланбасыға
«Өрт-тілсіз жау»
22
сентябрь
2022
«Өрт-тілсіз жау»
“Сақтансаң - сақтайды!” деген аталы сөз бар, Қазақстанда ғана емес әлемде болып жатқан оқыс оқиғылардың алдын алу мақсатында мектебімізде төтенше жағдайлар мен өрт қауiпінің алдын-алу бойынша сейсмикалық жаттығу жүргізілді.  Сондай-ақ террористтік шабуыл, жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл апаты кезінде қорғану шараларын ұйымдастыру, тығыз арада саналы iс-әрекет ету бойынша практикалық оқытуды мектебіміздегі төтенше жағдайға жауапты, запастағы аға лейтенант Мұқамғали Дулат түсіндіріп берді.
Мектеп әкімшілігі 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді.
21
сентябрь
2022
Мектеп әкімшілігі 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс
Мектеп әкімшілігі 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді. Ұлттық біріңғай тестілеу мәселесі аясында мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна ата-аналармен кездесу барысында оқушылардың өзі ұнатқан мамандықты таңдау, жас түлектерге психологиялық көмек көрсету, мектеп қабырғасында ҰБТ -ға дайындық барысын күшейту секілді тақырыптарды қозғады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна оқушылардың, сыныптардың балдық деңгейін, өткен жылдағы
“Шабыт” ИПК АПФ форматында көрсетілім ойын өткізді.
21
сентябрь
2022
“Шабыт” ИПК АПФ форматында көрсетілім ойын өткізді.
Парасатты ұрпақ ел болашағы! Өзін-өзі басқару ұйымы мен іс-тәжірбиеден өтіп жүрген ҚазҰПУ - дың студенттері бірлескен топ кезекті “Шабыт” интеллектуалды пікірсайыс клубы АПФ (Американдық Парламенттік) форматында көрсетілім ойын өткізді. 6 фракция бақсынасып, БП. Қазақстандағы парасатты ел болу жолын көрсетеді деген қарарда ойын өрнегін көрсетті. #өзінөзібасқару #школыноесамоуправление