Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай “Бұл әлем қандай әдемі!” тақырыбында 2-сыныптар асфальтқа сурет салды.
31
май
2023
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай “Бұл әлем қандай әдемі!”
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай “Бұл әлем қандай әдемі!” тақырыбында 2-сыныптар асфальтқа сурет салды. Іс шара барысында балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отыра, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сурет салуғa деген ынталарын арттырды. Балалар түрлі түсті бордың көмегімен өздерінің түрлі сурет салу өнерін көрсетті. https://www.instagram.com/p/Cs6by2DosR4/
1-7 сыныптар «Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы»,  8-11 сыныптар «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді.
31
май
2023
1-7 сыныптар «Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы», 8-11 сыныптар
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында  1-7 сыныптар «Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы»,  8-11 сыныптар «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді.  Сондай-ақ, балалардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. Патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу.
«31 мамыр - қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай 8-11 сыныптар арасында тәрбие сағаты өткізілді.
31
май
2023
«31 мамыр - қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне»
«31 мамыр - қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай 8-11 сыныптар арасында тәрбие сағаты өткізілді.  31 мамыр – Қазақ тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алып, аза тұтатын күн. Жалпы, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 20 мыңы атылды.  Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері - АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды.
1-маусым халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 30 мамыр 1-7 сыныптарда «Бала және оның құқығы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
31
май
2023
1-маусым халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 30 мамыр 1-7
1-маусым халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 30 мамыр 1-7 сыныптарда «Бала және оның құқығы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 2002 жылы тамызда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. Сол жылы 2 қыркүйекте «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойып», Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді. Сабақты өткізудегі мақсат оқушылардың адам құқығы, оның ішінде өз құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын
«31 мамыр - қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай 11 "А" сыныбында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында  сынып сағаты өткізілді.
30
май
2023
«31 мамыр - қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне»
«31 мамыр - қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай 11 "А" сыныбында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында  сынып сағаты өткізілді.  Оқушылар "халық жауы" атанып, тоталитарлық жүйе құрбандары болған ұлт зиялыларына, "Алаш" қайраткерлеріне қатысты деректер оқып, пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, ашаршылық туралы "Ұлы дала зары" фильмінен үзінді көрсетілді. Сынып жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Тлепбергенова А.М.
Бүгін 2022-2023 оқу жылының соңғы тәрбие жиыны өткізілді.
30
май
2023
Бүгін 2022-2023 оқу жылының соңғы тәрбие жиыны өткізілді.
✅ Бүгін 2022-2023 оқу жылының соңғы тәрбие жиыны өткізілді. Жиында түрлі салалардағы жетістіктерімізбен белсенділігіміз аталып, оқу жылындағы үздіктер марапатталды 🏆 Барша оқушыларымызға келер жылға сәттілік тілейміз 😎
Үздік оқушымыз Маханов Мансурдың жетістіктері «Көшбасшы» журналында жарық көрді 😎
29
май
2023
Үздік оқушымыз Маханов Мансурдың жетістіктері «Көшбасшы» журналында
Үздік оқушымыз Маханов Мансурдың жетістіктері «Көшбасшы» журналында жарық көрді 😎  Республикалық «Еducation» баспа үйі шығаратын «Көшбасшы» журналына 6 «Ә» сынып оқушысы Маханов Мансурдың білім мен спорттан алған жетістіктері жарияланды 🦾
2022 -2023 оқу жылдарында «Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта Жолда жүру ережелері: «Абайлаңыз балақай!»
24
май
2023
2022 -2023 оқу жылдарында «Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу
2022 -2023 оқу жылдарында «Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта Жолда жүру ережелері: Тақырыбы:  «Абайлаңыз балақай!» атты тақырыпта оқушылардың тоқсандық демалысқа шығуына байланысты қауіпсіздік ережесіне байланысты ескертулер жасау Уақыты:  әр тоқсан сайын Ұйымдастырушы:  аға тәлімгер Мақсаты :  Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет екенін, бағдаршамның, жол
Тәрбие жиыны
23
май
2023
Тәрбие жиыны
Бүгін тәрбие жиыны түрлі жарыстарға қатысып, жетістікке жеткен белсенді оқушыларды марапаттаумен басталды! Кезекшілікте болған оқушылар жиында өздерін ұқыпты ұстап, кезекшілерді тыңдап, сабаққа кешікпей, үнемі мектеп формасында жүрген сыныптарды жариялады! Мектеп қабырғасындағы үздік сыныптар мен үлгілі жетекшілерге алғыс айтамыз!