Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгін сағат 12:00 -де ZOOM платформасында «Буллинг алдын алу мүмкін бе?» тақырыбында Алматы қаласы мектеп директорларының қатысуымен жиын өткізілді.
18
май
2023
Бүгін сағат 12:00 -де ZOOM платформасында «Буллинг алдын алу мүмкін
Бүгін сағат 12:00 -де ZOOM платформасында «Буллинг алдын алу мүмкін бе?» тақырыбында Алматы қаласы мектеп директорларының қатысуымен жиын өткізілді. Жиында қала прокурорының көмекшісі Джанбекова Гульнара Хамитовна баяндама жасады. Онда жастар арасында деструктивті әлеуметтік құбылыстардың алдын алу, білім беру қызметі процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы сөз сөйлеп, мектепте проблемалар мен оларды шешу жолдары айтылды.
Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дощанова Анипа Айткуловна 7 «Ә» сыныбымен тәрбие сағатын өткізді.
17
май
2023
Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дощанова Анипа
Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлыұқтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дощанова Анипа Айткуловна 7 «Ә» сыныбымен тәрбие сағатын өткізді.
“Кәсіби таңдауым - өмірлік қалауым” тақырыбында әртүрлі маман иелерінен сұхбат алып, олардың мамандығының қиын да қызықты жақтарымен танысты.
17
май
2023
“Кәсіби таңдауым - өмірлік қалауым” тақырыбында әртүрлі маман
17 мамыр 10 «Ә» сынып оқушылары тәрбиенің 8 бағыты бойынша “Кәсіби таңдауым - өмірлік қалауым” тақырыбында әртүрлі маман иелерінен сұхбат алып, олардың мамандығының қиын да қызықты жақтарымен танысты. https://www.instagram.com/p/CsXnfvcxo4i/
2 «В» сынып оқушыларының «Отбасы күніне» арнайы дайындаған бейне жазбасы.
17
май
2023
2 «В» сынып оқушыларының «Отбасы күніне» арнайы дайындаған бейне
«Отан-отбасынан басталады» демекші «Менің отбасыммен өткізген 1 күнім» тақырыбындағы 2 «В» сынып оқушыларының «Отбасы күніне» арнайы дайындаған бейне жазбасы. Оқушылар бейнероликте ата-анасымен өткізге қызықты күндерін, спорттық, ұлттық және тәрбиелік мәні бар дүниелерді үйретуде. Сынып жетекшісі: Еркінбек Ақмарал https://www.instagram.com/p/CsVOWFho75e/
Молдағали Шапағат "Жаңашыл көзқарасы үшін" номинациясын иеленді.
16
май
2023
Молдағали Шапағат "Жаңашыл көзқарасы үшін" номинациясын иеленді.
Алматы қаласы білім басқармасы қолдауымен ҚР Президенті архивінде "Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында" атты ғылыми жобалар байқауы өтті.  Гимназиямыздың 6 "Б" сынып оқушысы Молдағали Шапағат зерттеу жұмысын ұсынып, "Жаңашыл көзқарасы үшін" номинациясын иеленді.  Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі Тлепбергенова Аяулым Манарбекқызы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша сынып сағатында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісіп, ұсыныс жасады.
16
май
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша сынып сағатында оқушылар
Тәрбие жоспарына сай 2023 жылдың мамыр айының 16 жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша сынып сағатында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісіп, ұсыныс жасады. #оқуғақұштармектеп
Тәрбие жиыны
16
май
2023
Тәрбие жиыны
Бүгін тәрбие жиыны түрлі жарыстарға қатысып, жетістікке жеткен белсенді оқушыларды марапаттаумен басталды! Кезекшілікте болған оқушылар жиында өздерін ұқыпты ұстап, кезекшілерді тыңдап, сабаққа кешікпей, үнемі мектеп формасында жүрген сыныптарды жариялады! Мектеп қабырғасындағы үздік сыныптар мен үлгілі жетекшілерге алғыс айтамыз! https://www.instagram.com/p/CsTL5DxIJL8/
15 мамыр - халықаралық отбасы күні.
16
май
2023
15 мамыр - халықаралық отбасы күні.
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек
Гимназиямыздың жас жұлдызы, бұлбұлы Марсқызы Сымбат Түркістан қаласы, Congress Hall-да өткен ақын, композитор, фольклортанушы Асқар Дүйсенбінің шығармашылық кешінде өз өнерімен бөлісті.
15
май
2023
Гимназиямыздың жас жұлдызы, бұлбұлы Марсқызы Сымбат Түркістан қаласы,
Гимназиямыздың жас жұлдызы, бұлбұлы Марсқызы Сымбат Түркістан қаласы, Congress Hall-да өткен ақын, композитор, фольклортанушы Асқар Дүйсенбінің шығармашылық кешінде өз өнерімен бөлісті. Сондай-ақ, шығармашылық кеште Ұлықпан Жолдасов, Сәкен Майғазиев, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Саят Медеуов, Тамара Асар, Ғаділбек Жанай, Ғазизхан Шекербеков және тағы басқа қонақтар ән салды. Жезтаңдай жас әншіміз Сымбатқа шығармашылық табыс тілейміз, жұлдызың жана берсін!