Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері оқушылардың оқулықтары мен гигиеналық, сынып тазалықтарын тексерді.
12
сентябрь
2023
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері оқушылардың оқулықтары мен
Бүгін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Кенжебековна мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері оқушылардың оқулықтары мен гигиеналық, сынып тазалықтарын тексерді.  Мектеп кодексін ұстана отырып мектеп формасын ұстануға, қоғамдық ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Аналар аман болсыншы!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
12
сентябрь
2023
«Аналар аман болсыншы!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
«Аналар күні» қарсаңында оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында бүгін «Аналар аман болсыншы!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сондай-ақ ЖЖЕ, Өрт қауіпсіздіктері, бала кодексі және сынып жетекшілер " Сенім бұрышы" бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
10-11 сыныптарда адалдық сағаттары өткізілді.
12
сентябрь
2023
10-11 сыныптарда адалдық сағаттары өткізілді.
Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу мақсатында 10-11 сыныптарда адалдық сағаттары өткізілді.
бракераждық комиссия мүшелері және 1 «Б» сыныбының ата-анасы Абай Ақманат Сейдәзімқызы мектебіміздегі асханада тексеріс жүргізді.
12
сентябрь
2023
бракераждық комиссия мүшелері және 1 «Б» сыныбының ата-анасы Абай
Бүгін мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна бастаған бракераждық комиссия мүшелері және 1 «Б» сыныбының ата-анасы Абай Ақманат Сейдәзімқызы мектебіміздегі асхананың тазалығы мен тамақтандырудың сапалық құрамын, мәзір мөлшеріне тексеріс жүргізді.  Тексеріс барысында ас дайындайтын, сақтайтын орындарға кіріп, азық-түліктің сақтау мерзімі, сақталу орны мемлекеттік нормаларға сай келетініне, құжаттық қағидаттарды сақтайтынына көз жеткізіп ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Кенжебековна сынып жетекшілермен жиыналыс өткізді.
11
сентябрь
2023
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Кенжебековна сынып
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Кенжебековна сынып жетекшілермен жиыналыс өткізді. Жиында мектептің ішкі кодексі, этикасы мен ЖЖЕ, зиянды заттар мен әдеттерден аулақ болу бойынша сабақтар өткізілуі, жылдық жоспар көрсетіліп, тәрбие сағаттарының өтілу кезеңдері талқыланды.
Гимназиямызда төтенше жағдайлар мен жер сілкінісі жағдайындағы сейсмикалық жаттығу жүргізілді.
11
сентябрь
2023
Гимназиямызда төтенше жағдайлар мен жер сілкінісі жағдайындағы
‼️ Бүгін гимназиямызда шетелде болып жатқан оқыс оқиғылардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар мен жер сілкінісі жағдайындағы сейсмикалық жаттығу жүргізілді.  Сондай-ақ террористтік шабуыл, өрт жағдайы, су тасқыны, дауыл апаты кезінде қорғану шараларын ұйымдастыру, тығыз арада саналы iс-әрекет ету бойынша практикалық жаттығу жүргізілді. Мектебіміздегі қауiпсiз орындар мен залалсыз шығу есіктерін көрсетті.  Зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек қалай көрсетiлетiнi, қандай дәрі-дәрмектерді