Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыз баланың қоғамдағы рөлі қандай? " тақырыбында  9- сынып қыздарымен тренинг өткізілді.
16
октябрь
2023
"Қыз баланың қоғамдағы рөлі қандай? " тақырыбында 9- сынып
Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.
"Қыз баланың қоғамдағы рөлі қандай? " тақырыбында  9- сынып қыздарымен тренинг өткізілді.
16
октябрь
2023
"Қыз баланың қоғамдағы рөлі қандай? " тақырыбында 9- сынып
Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.
Медеу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Тойшыбайұлы Еркебулан есірткі және психотропты заттарды пайдаланудың зияндығы, тудыратын зардабы туралы және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы дәріс оқыды
13
октябрь
2023
Медеу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Тойшыбайұлы Еркебулан
Гимназиямызда бүгін 9, 10-сынып оқушыларымен Медеу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Тойшыбайұлы Еркебулан есірткі және психотропты заттарды пайдаланудың зияндығы, тудыратын зардабы туралы және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы дәріс оқып, осы тақырыпта видеоматериалдар көрсетті.
Медеу ауданы ПБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры А.Кабдрашидова дәріс оқыды
12
октябрь
2023
Медеу ауданы ПБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры А.Кабдрашидова
 8-сыныптар арасында «Құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу» мақсатында есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы Медеу ауданы ПБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры А.Кабдрашидова дәріс оқыды.
Гимназиямызда 6-7 сыныптар арасында футболдан турнир өткізілді.
12
октябрь
2023
Гимназиямызда 6-7 сыныптар арасында футболдан турнир өткізілді.
Гимназиямызда кезекті футболдан турнир өткізілді.  6-7 сыныптар арасында турнир бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. 🥇7 «Ә» сыныбы І ОРЫН, 🥈7 «Б» сыныбы ІІ ОРЫН иеленді 🏆
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің отырысы өткізілді.
12
октябрь
2023
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің отырысы өткізілді.
Білім ордамызда Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің отырысы өткізілді. Мектебімізде жасалған жұмыстардың есебімен және болашақ жоспарлармен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектепішілік бұйрықтар мен "Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы туралы" мәліметтермен таныстырды.  Қамқоршылық кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, қолдау көрсетті. https://www.instagram.com/p/CyQugwtNgtw/?img_index=3 @oqu_agartu_ministrligi  @gani.beisembayev  @edu.almaty 
5 сыныптарға «Біз 5–сыныпқа барамыз» тақырыбында «Жүректен — жүрекке» тренингі ұйымдастырылды.
12
октябрь
2023
5 сыныптарға «Біз 5–сыныпқа барамыз» тақырыбында «Жүректен — жүрекке»
5 сыныптарға «Біз 5–сыныпқа барамыз» тақырыбында «Жүректен — жүрекке» тренингі ұйымдастырылды.  Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.